Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектеп мерейі – ұстаз еңбегінің жемісі!

Мектебіміздің мақтаныштары — тарих пәні мұғалімі Әлмұқан Асқар Сатыбайұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имашева Динара Иманбаевна республикалық “Үздік педагог – 2025” байқауында жеңімпаз атанды!
“Үздік педагог” байқауы – ел мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін, жаңашылдығын және білім беру ісіндегі үздік тәжірибесін айқындайтын беделді республикалық конкурс. Осы додада жеңімпаз атану – әр ұстаз үшін зор мәртебе әрі еңбектің әділ бағалануы.
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде ұстаздарымызға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова “Үздік педагог” төсбелгісін табыстады. Бір мектептен екі бірдей ұстаздың аталмыш марапатқа ие болуы – бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға! Бұл — мектеп ұстаздарының кәсіби деңгейінің биік екенін дәлелдейтін айқын жетістік.
Құрметті әріптестер! Сіздердің табыстарыңыз – бүкіл мектеп қауымының мерейі, шәкірттерге үлгі болар үлкен жеңіс.
Еңбектеріңіз жана берсін, биік белестер мен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz