Бүгін мектебімізде кеше ғана түлеп ұшқан түлектерімізбен кездесу кеші болды. Олар қазіргі таңдағы жетістіктерімен бөлісіп, оқушыларға нақты мақсат қоюдың, үздіксіз ізденудің маңызын түсіндірді.
Кездесу барысында мамандық таңдау, еңбек жолындағы алғашқы қадамдар, табандылық пен жауапкершіліктің рөлі жайлы құнды ойлар айтылды. Түлектердің ақыл-кеңесі мен шынайы әңгімелері жас буынға үлкен мотивация сыйлады. Кешке қатысып, үлгі-өнеге болған түлектерімізге зор алғысымызды білдіреміз!
















































