Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Өнерлі оқушылар — жүлдегерлер қатарында

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мәдениет және өнер факультетінің ұйымдастыруымен өткен қазақтың танымал әншісі, сазгері, композиторы Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған қалалық «Жас дарын» байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

🎼 Ерешов Саят – 2-дәрежелі диплом

(Халық аспаптары, домбыра бағыты), 11г-сынып;

🎤 Рашиден Тоғжан – 2-дәрежелі диплом

(Театр өнері, режиссура бағыты), 11а-сынып;

🎨 Толкынова Томирис – диплом

(Бейнелеу өнері, сурет бағыты), 11б-сынып.

2-ші дәрежелі Диплом иегерлері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті “Мәдениет және өнер” факультетінің шығармашылық емтихандарына жолдама ұтып алды.

Өнерлі оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz