Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» мен Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұйымдастыруымен «AITU KazRoboDrone 3.0» авиамодельдеу және дронрейсинг бойынша халықаралық конкурсқа арналған облыстық іріктеу жарысы өткізілді.
☑️ Жарысқа 50-ге жуық мектеп оқушылары, студенттер және педагогтер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
☑️ Қатысушылар авиамодельдеу және дронрейсинг бағыттары бойынша білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.
☑️ Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар 19–20 ақпан күндері Астана қаласында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.
Осындай жарыстар білім алушылардың, жастардың техникалық шығармашылығын дамытып, инженерлік ойлау қабілеті мен инновациялық дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен дрон технологияларының қауіпсіздік, қорғаныс, цифрландыру, жасанды интеллект және кадр даярлау салаларындағы стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен. Президенттің бұл бағытқа ерекше көңіл бөлуі – жастарды заманауи технологияларды меңгеруге тартудың маңыздылығын айқын көрсетеді.
Сондықтан «AITU KazRoboDrone 3.0» секілді жарыстар – еліміздің технологиялық болашағын қалыптастыратын, білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
















































