Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Облыстық семинар-практикум: тәжірибе және жаңашылдық

Бүгін мектебімізде «Биология, география, химия пәндерін оқытуда дарынды оқушыларды қолдау және дамытудағы инновациялық тәсілдердің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар аясында мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, шеберлік сыныптар ұйымдастырып, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, пәндік білімді тереңдету және оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдары кеңінен қарастырылды.

Семинар-практикумға қатысқан педагогтер ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанын атап өтіп, мазмұнды тәжірибелік жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz