“QUIZ” ойындарының жылдық қорытынды финалдық ойыны өткізілді

27 наурыз күні мектебімізде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында (жет. Әлмұқан А.С) ұстаздарға арналған “QUIZ” ойындарының жылдық қорытынды финалдық ойыны өткізілді. “QUIZ”ойыны – білім мен біліктіліктің, тапқырлық пен жылдамдықтың тамаша көрінісі болды. Ұстаздар тек пәндік білімдерін ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін де айқын көрсете білді. Қорытынды ойын нәтижесінде жылдың үздік командалары анықталды:
І орын — “Кемел” тобы. Жоғары деңгей! Сенімді ойын, нақты стратегия және чемпионға тән тұрақтылық — лайықты жеңіс.
ІІ орын — “Жеті жарғы” топ. Әр ойында өз деңгейін көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
ІІІ орын — “Жұлдыздар” тобы жігер мен жылдамдықтың үйлесімі! Қарқынды ойын көрсетіп, жұлдыздай жарқырап, үздік үштікті толықтырды.
Осындай ойындар –ынтымақтастықты арттырып, әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі . Әр қатысушыға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, ал қалған қатысушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz