Мектебімізде “ProБағалау” жобасының жетекшісі А.С.Тулешеваның ұйымдастыруымен “Бағалау мен кері байланыстың сабақ сапасына әсері” тақырыбында мазмұнды семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар түрлі жағдаяттарды талдау арқылы бағалау үдерісінде жиі кездесетін қателіктерді анықтап, оларды болдырмау жолдарын қарастырды. Тәжірибелік бөлімде топтар бір-бірін бағалауға арналған тиімді дескрипторлар құрастырып, өзара пікір алмасу жүргізді.
Бұл жұмыс педагогтердің бағалау мәдениетін жетілдіруге, кері байланысты сапалы ұйымдастыруға бағытталды. Осындай тәжірибелік алаңдар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін берері сөзсіз!