Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектебімізде облыс физиктеріне арналған ауқымды семинар өтті

2026 жылдың 26-27 наурыз күндері мектебімізде облысымыздың физика пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Физикадан олимпиадаға бағытталған есептерді шешу әдістері» атты оқыту-практикалық семинардың екінші күні мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған іс-шаралармен жалғасып мектебіміздің физика пәні мұғалімдері шеберлік сыныптар ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар жұмысы А.Н.Каримгалиевнаның «Олимпиадаға дайындықтың дидактикалық негіздері» тақырыбындағы шеберлік сыныбымен басталып, педагогтерге олимпиадаға жүйелі даярлаудың тиімді жолдарын ұсынылды.

Физика пәні мұғалімі Г.Ш. Упагалиева «Физика олимпиадасында термодинамикалық жүйелерді талдаудың алгоритмдік тәсілі» тақырыбында күрделі есептерді шешудің нақты алгоритмдерін көрсетіп, қатысушылармен бірге практикалық тапсырмалар орындады.

В.Н.Киишева «Күрделі электр тізбектерін шешудің тиімді практикалық әдістері» атты шеберлік сыныбында түрлі тәсілдерді таныстырып, есеп шығарудағы тиімділікті арттыру жолдарын көрсетті.

А.С.Малкесова «Оқушыларды ғылыми жобалар конкурстарына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, дарынды оқушылармен зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарымен таныстырып өтті.

Э.К.Бородосова «Физика+STEM: зерттеу мен жаңашылдық» тақырыбында STEM технологияларын оқу үдерісінде қолданудың тиімді үлгілерін ұсынып, заманауи білім берудегі жаңашыл тәсілдерді көрсетті.

Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын жетілдіріп, дарынды оқушыларды дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz