15 сәуір күні мектебімізде оқушыларға арналған IQAS QUIZ интеллектуалдық ойындарының жылдық қорытынды финалдық ойыны өткізілді. QUIZ ойыны – білім мен біліктіліктің, тапқырлық пен жылдамдықтың тамаша көрінісі болды. Оқушылар тек пәндік білімдерін ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін де айқын көрсете білді. Қортынды ойын нәтижесінде жылдың үздік командалары анықталды:
1 орын — Сүмбіле. Жоғары деңгей! Сенімді ойын және чемпионға тән тұрақтылық — лайықты жеңіс.
2 орын — Октабрэйн. Әр ойында өз деңгейін көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
3 орын — BreinStorm. Жігер мен жылдамдықтың үйлесімі! Қарқынды ойын көрсетіп,үздік үштікті толықтырды.
Әр қатысушыға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, ал қалған қатысушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!























































