Бүгін мектебімізде ерекше кездесу өтті.
Мектебіміздің 1989–2016 жж. аралығындағы басшысы, ардагер ұстаз, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ерсайын Қадырұлы Сапаров биылғы түлектермен жүздесті.
Кездесуді мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна жүргізіп, ардагер ұстазды құрметпен таныстырып, оның мектеп тарихындағы сүбелі еңбегін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында Ерсайын Қадырұлы өз өмір жолынан сыр шертіп, білім мен еңбектің маңызын атап өтті. Жастарға бағыт-бағдар беріп, үлкен өмірге сеніммен қадам басуға мотивация сыйлады.
Осындай тағылымды кездесулер – ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі.























































