Сиқырлы кештің шымылдығы түрілді!
Бұл кеш – тарих пен бүгіннің тоғысы.
Арнайы қонақ – осы дәстүрдің негізін қалаушы, білікті басшы, ардагер ұстаз Сапаров Ерсайын Қадырұлы.
Бұл — жай ғана кеш емес, ғасырлық тарихы бар білім ордамыздың рухани келбеті.
Бұл кеште оқушыларымыздың талпынысы мен еңбегі ерекше көрінді. Әрбір өнер, әрбір қадам – ұзақ дайындықтың, тынымсыз еңбектің жемісі. Сахнада жарқырап шыққан шәкірттеріміз тек өнерлерін ғана емес, ішкі мәдениетін, талғамын, өзіне деген сенімін көрсете білді.
Кеш көркіне айналған жас жұптарымыз сұлулық пен сыпайылықтың, әдеп пен жарасымның үлгісін танытты. Әр қатысушы – осы мектептің мақтанышы, болашақтың жарқын иесі екенін тағы бір дәлелдеді.























































