Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«Өнер» мектебіндегі айтулы мәдени кеш

“Өнер”мектебінде Үлгілі «Атамұра» халық аспаптар оркестрі түлектерінің “Шаттық Отаны” атты есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында филармония өнерпаздары сахна төрінде оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетіп, ұлттық музыка мен дәстүрлі өнердің әсем үйлесімін көрерменге тарту етті.

Жылдар бойы ұлттық өнерді насихаттап келе жатқан үлгілі «Атамұра» халық аспаптар оркестрінің шығармашылық жолы мен жетістіктері көрермен көңілінен ерекше орын алды. Концерт соңында ата-аналар мен түлектер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, өнер мектебінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өтті.

“Шаттық Отаны” — өнер мен руханиятты тоғыстырған, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған әсерлі кеш болды.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz