Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мектебімізде Халықаралық отбасы күніне арналған үлкен кітап талқысы өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай мектеп кітапханасында «Кітаптар сөйлейді» атты кітап талқысы ұйымдастырылды. Шараға кітап оқуға ерекше қызығушылық танытып, жыл бойы ең көп кітап оқыған 30 үздік оқырман қатысты.

Кітап талқысын мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Текебаев Нұртай Алтайұлы жүргізді. Кездесуге Орал қалалық кітапханасы жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алғазы Гүлнұр Маратқызы, BATUS оқырмандар клубы жетекшісі Дүйсмағамбетова Алима Мұратовна және Ж.Досмұхамедұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжі оқытушысы, ТДК-42 телеарнасы тілшісі Хамза Жандос Жанұзақұлы арнайы қатысты.

Шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, алған әсерлерін ортаға салды. Қонақтар кітаптың адам өміріндегі маңызы, отбасы тәрбиесі мен рухани құндылықтар жайында мазмұнды әңгіме өрбітіп, облысымыздағы оқырмандар клубтарының жұмысы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.

Кеш соңында үздік оқырмандарға арнайы төсбелгілер табысталып, мектептің оқырмандар клубының құрылғаны жарияланды. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы оқушыларға жазғы демалыс кезінде оқуға арналған кітаптар тізімін ұсынды.

Кітап – рухани байлықтың бастауы. Оқуға құштар жас ұрпақтың қатары арта берсін!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz