«Өнер» мектебінде «Цифрлық дәуірдегі өнер мектебі» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Іс-шара барысында көркемсурет, хореография және аспаптар кластары бойынша мазмұнды шеберлік сабақтары, заманауи цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Педагогтер жасанды интеллект мүмкіндіктерін өнер сабақтарында пайдалану, цифрлық платформалар арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ұйымдастырылған «Шабыт керуені» атты концерттік бағдарлама қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлі оқушылардың шығармашылық жетістіктерін паш етті.
Облыстық семинар тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби байланысын нығайтуға және цифрлық білім беру бағытындағы тың идеялардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік берді.























































