Бүгін мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтіп, шәкірттерге ізгі тілек пен жүрекжарды лебіздер арналды. Артта қалған оқу жылы - табанды еңбек пен тынымсыз ізденістің, толайым табыс пен жарқын жетістіктің жылы болды.
Салтанатты шара барысында халықаралық және республикалық білім додаларында топ жарып, мектебіміздің абыройын асқақтатқан дарынды түлектеріміз «Жыл таңдауы», "Зияткер түлек" номинацияларымен марапатталды, мектебіміздің 2001 жылғы түлегі, оқушы кезінде ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанған Хамиев Динар және 2006 жылғы түлектер жас буынға қолдау көрсетіп, оқушыларға ноутбук сыйға тартты. Түлектер ұстаздарға шынайы алғыстарын білдіріп, кейінгі буынға ақ жол мен үлкен сенім тіледі.
Құрметті түлектер!
Сіздерге үлкен өмір жолында биік мақсат, нық қадам, сарқылмас жігер мен жарқын болашақ тілейміз.























































