2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебімізде педагогтердің кәсіби жетістіктерін ұлықтауға арналған «Кәсіби триумф – 2026» салтанатты шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында оқу жылы ішіндегі білім беру, ғылыми-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының нәтижелері қорытындыланып, педагогтердің кәсіби рейтингі жарияланды.
Салтанатты шарада кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен және шәкірт жетістіктерімен ерекшеленген педагогтер түрлі аталымдармен марапатталды. Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткен әдістемелік бірлестіктер мен рейтинг көшбасшыларына ерекше құрмет көрсетілді.
Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең асыл инвестиция. Бір жылдық табанды еңбек пен кәсіби ізденістің жемісін көрген барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Барша марапат иелеріне жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және кәсіби биіктер тілейміз!























































