Бүгін мектебіміздің 9-сынып бітірушілеріне негізгі білім туралы аттестат табысталып, олардың өміріндегі маңызды кезеңнің бірі қорытындыланды.
Биылғы оқу жылында білім мен еңбекті серік еткен 17 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып, өздерінің табандылығы мен жауапкершілігінің нәтижесін көрсетті.
«Үздік сынып» номинациясы 9 «А» сыныбына табысталды. Бірлігі жарасқан, білім мен қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен ерекшеленген сыныпты шын жүректен құттықтаймыз!
«Үздік оқушы» атағына “Үздік аттестат” иегері Тұрғали Алижан лайық деп танылды. Алижанның жетістігі – білім мен шығармашылық табыстардың жемісі.