Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті

Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған Жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Биыл білім ордамыздан 138 түлек қанат қақты. Олардың қатарында 12 «Алтын белгі» иегері мен 18 Үздік аттестат иегері бар. Биылғы түлектер арасында Италияның Рим қаласындағы LUISS University университетіне және еліміздің беделді жоғары оқу орны – Nazarbayev University шақырту алған шәкірттер бар. Сонымен қатар, түлектеріміз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сүлейман Демирел университеті, Нархоз университеті және Coventry University білім беру бағдарламалары бойынша гранттарға ие болды.

Қымбатты түлектер! Сіздерге жарқын болашақ, биік мақсаттар мен толағай табыстар тілейміз! Қайда жүрсеңіздер де туған мектебіміздің мақтанышы болып, ел игілігі жолында қызмет ете беріңіздер!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz